Ссылки доступа

Өзбекстанның денсаулық сақтау саласында коррупциямен күрес жылы жарияланды 


Өзбекстанның денсаулық сақтау министрі Амрилло Иноятов 2023 жылды денсаулық саласындағы коррупцияға қарсы күрес жылы деп жариялады. Ол сенім телефоны ретінде өзінің жеке телефон нөмерін жариялайтынын айтты. 

"Денсаулық саласында коррупцияның таптаурын болған бағыты бар. Ең бірінші содан бастау керек. Перзентханада бала туғанда "сүйінші" ретінде дәрігерлердің қалтасына ақша салады. Баланы кесар отасы арқылы тудырып алғанда берілетін арнайы ақшасы бар. Міне осыларды жою керек", - деді Амрилло Иноятов.

Коррупцияға қарсы күресте арнайы сенім телефоны болатынын айтқан министр, өзінің жеке телефон нөмірін жариялайтынын жеткізді.

2020 жылы Өзбекстанда коррупцияға қарсы күрес жылы болған.

Елдің бас прокуроры Нигматилла Юлдашев жемқорлық елдің барлық саласын жайлап алды деген болатын.

XS
SM
MD
LG