Ссылки доступа

Бас прокурор: Қаңтар оқиғасына дайындық жыл бойы жүргізілген


Бас прокурор Берік Асылов 5 қаңтар күнгі мәжілістің жалпы отырысында Қаңтар оқиғасына дайындық жыл бойы жүргізілген деп мәлімдеді.

"2021 жылы жыл бойы жасырын түрде радикалды шара қолдану үшін орындаушыларды дайындау жүргізілгенін ғана айта аламын. Орындаушылардың қатарында ұйымдасқан қылмыстық топтар болған. Олар адамдарды жинап, қаруландырған, рация және көлік сатып алған. Тергеу анықтағандай, осы бүлдіргі әрекеттердің басында күш құрылымдарының жекелеген өкілдері тұрған" деді Асылов.

Тергеу болжамынша Алматыда Арман Жұмагелдиевтің рөлі күшті болған. "Оның әрекетін ҰҚК-дегі кураторы үйлестіргені анықталды" деді ол.

Бас прокурордың сөзінше, қылмыстық топ арасында танымал Арман Жұмагелдиев тәріпсіздікті ұйымдастырып, тобырды бақылауына алып, билікке "радикал талаптар қою үшін" "халық кеңесін" құруды көздеген. Тергеу органдарының болжамынша, оған Алматы мәслихатының экс-депутаты, сонымен бірге қылмыстық топ мүшесі Махатов көмектескен. Махатов Алматыдағы "Қазақстан" қонақ үйіне келген бұзақыларға қару үлестірген.

"Алайда олар жаппай наразылықты бақылауға ала алмады. Адамдар оларды қолдамаған" деді бас прокурор.

37 жастағы Арман Жұмагелдиев 2022 жылы 7 қаңтарда ұсталған. Оған "жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру", "заңсыз қару-жарақ сақтау" сияқты айыптардан бөлек "қылмыстық топ құру мен жетекшілік ету" бойынша айып тағылған. Ол сонымен бірге Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде "маңайдан өтіп бара жатқан 24 адамды ұрлады" деген күдікке де ілінген. Арман Жұмагелдиев өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарады. Қазір ол тергеу изоляторында қамауда отыр.

Бас прокурор 5 қаңтар күнгі мәжіліс отырысы кезінде "жоғарғы басшылықты ауыстыруға бағытталған операция тыңғылықты жоспарланған. Шын мәнінде, мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекет жасалды" деді.

"Тергеу мәліметі бойынша, 5 қаңтарда Кәрім Мәсімов пен орынбасарларының тапсырмасы бойынша, Алматы, Қызылорда және Алматы облыстарының ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменттерінің жеке құрамы жұмыс орындарын тастап кеткен. Ол жақта 3 мың қару ұрланған, басым бөлігі әлі табылған жоқ" деді Асылов.

Бас прокурор сонымен бірге сол кездегі қорғаныс министрі Мұрат Бектенов "заңсыз бұйрық берді және елде тәртіп орнату бойынша шара қолданбады" деді.

Берік Асылов 5 қаңтар күні сөзінің басында Қаңтар оқиғасына қатысушыларға оқ президент Қасым-Жомарт Тоқаев ескертусіз оқ ату бергенге дейін атылғанын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG