Ссылки доступа

Қырғызстанда екі жігіт қыз алып қашты деген күдікпен ұсталды


Ошта екі ер азамат қыз алып қашты деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Ош қаласының милициясы хабарлады.

Мәліметке қарағанда, оқиға 31 желтоқсанда сағат 16:30 шамасында болған. Бішкек-Ош күре жолында милиция инспекторы жол ережесін бұзған автокөлікті байқап, оны Қырғыз-Чек ауылының маңында тоқтатқан.

"Автокөлік ішінде жас қыздың көмек сұрап айқайлағаны естілген. Қызды Оштан Қара-Құлжа ауданына алып қашып бара жатқаны мәлім болған. 25 жастағы екі азамат Ош милициясыынң тергеу бөліміне тапсырылды", - деп хабарлады ішкі істер департаменті.

Бұның алдында бас прокурор Құрманқұл Зұлұшев 2021 жылы Қырғызстанда қыз алып қашуға қатысты 560 оқиға тіркелгенін айтқан.

XS
SM
MD
LG