Ссылки доступа

Ауғанстанда "Абу Умар" деген атпен танымал "тәжік тәлібі" қаза тапты  


Ауғанстандағы Бадахшан елді мекені  
Ауғанстандағы Бадахшан елді мекені  

Ауғанстанның бірқатар ақпарат құралы Бадахшан провинциясында "Абу Умар" деген атпен танымал "Талибан" содырының өлтірілгені хабарланды. 

"Хашт-е собх" газетінің жазуынша, ол үш күн бұрын Бахорак уезінің Бадахшан провинциясында жоғалып кеткен. Денесі 4 қаңтарда осы елді мекенде табылған. "Абу Умардың" неден қайтыс болғаны әзірге белгісіз. Басылым оның Ауғанстанның солтүстігінде жүріп жатқан соғыс кезінде үкіметтік әскер мен техникасын жоюда "маңызды рөл" атқарғанын жазады.

"Абу Умардың" Тәжікстанның Хатлон облысында туғаны белгілі.

Кейбір мәліметтерге қарағанда, ол 9 желтоқсанда қайтыс болған делінеді.

Қазір ондаған "тәжік тәлібі" Тәжікстанмен шекаралас Бахорак, Шугнан және Нусай ауылдарында тұрып жатыр. Солардың бірі - "Мехди Арсалан" деген атпен танымал Мухаммад Шарифов. Ол тоғыз жыл бойы терроризммен айыпталып, халықаралық іздеуде жүр. Ауғанстанның солтүстігінде "Талибан" қозғалысының отрядын басқарады.

Желтоқсан айында ауған саясаткері Гульбеддин Хекматиярға Кабулдағы мешіттердің бірінде шабуыл жасалғаннан кейін, мұның артында тәжік азаматтары тұр деген айып тағылған. Саясаткердің өзі зардап шекпеді, оққағары қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG