Ссылки доступа

Бішкекте қамауға алынған дәрігерлер үйқамаққа шығарылды  


Бішкектің Ленин аудандық соты Ана мен баланы қорғау ұлттық орталығы қалалық балалар ауруханасының бес дәрігерін үйқамаққа босату жөнінде шешім шығарды.  

Бұл жөнінде дәрігерлердің адвокаты Шынар Жакупбекова хабарлады.

30 желтоқсанда бес дәрігер бала өліміне кінәлі деген күдікпен ұсталып, 10 қаңтарға дейін қамауға алынған.

Милиция мәліметінше, 13 қарашада сәбидің асқазаны ауырып, ауруханаға жеткізілген. Сол күні оны жансақтау бөліміне ауыстырған. Алайда бала өзіне келмей, шетінеп кеткен.

Қайтыс болған сәбидің Қырғызстандағы жоғары лауазымды шенеуніктің туысы болғаны айтылады.

Дәрігерлер қамауға алынғаннан кейін, Қырғызстанның медицина қызметкерлері жаппай наразылық білдіріп, қызметінен кеткісі келетінін мәлімдеген. Алайда денсаулық сақтау министрлігі бұл оқиғаны жіті назарда ұстап отырғанын жеткізген.

XS
SM
MD
LG