Ссылки доступа

Өзбекстан билігі аязға байланысты жарық сөнуі мүмкін екенін ескертті


Өзбекстан энергетика министрлігі алдағы аптада ауа райының күрт өзгеруіне байланысты электр қуаты сөнуі мүмкін екенін ескертті.

Мәліметке қарағанда, электр қуаты, табиғи және сұйық газ, сонымен бірге көмір бірінші кезекте халық пен әлеуметтік нысандарға беріледі.

Республикада ірі өндіріс орындары газ беру қысқарады. Ірі нысандарға электр қуатын беру шектеледі. Үнемделген 11−12 млн кВт.с электр қуаты халық қажетіне жаратылады.

Қуат жүйелерінде ірі апат болмас үшін, тұтынушылардың бәріне бірдей жарық жеткізу мақсатында жергілікті билік органдары жарықты бір мезет сөндіру кестесін дайындайды.

Электр станциялары мен жылу қазандықтары тұрақты түрде жұмыс істеу үшін күніне орташа есеппен 49 млн текшеметр табиғи газ жеткізіледі.

Электр және газбен қамту кәсіпорындарындағы апатты тез арада жою мақсатында тәулік бойы жұмыс істейтін 1000-нан аса арнайы бригада құрылды.

XS
SM
MD
LG