Ссылки доступа

Қырғызстанда ұйымдасқан қылмыстық топ мүшесі 100 га жерді басып алды деген күдікпен ұсталды


Қырғызстанның Нарын облысы Қочқор ауданында Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитет қызметкерлері ұйымдасқан қылмыстық топ мүшесін ұстады.

Арнайы қызмет мәліметінше, 2022 жылы қолға түскен күдікті "Қочқор ауданында 100 га жерді басып алған", сонымен бірге "ақсақалдар кеңесінің мүшелеріне қоқан-лоқы жасаған".

Ш.Н.О. есімді күдікті Қочқор ауданындағы ұйымдасқан қылмыстық топтың белсенді мүшесі екені айтылды. Мәліметке қарағанда, ол 2022 жылғы желтоқсанда Қочқор ауылында кафе қожайынынан ақша бопсалағаны үшін ұсталған.

2022 жылғы 24 желтоқсанда Нарын облысы Қочқор аудандық милициясының қызметкерлері ұйымдасқан қылмыстық топ мүшесі Қамчы Көлбаевты бүркемеледі деген күдікпен ұсталғаны мәлім болған. Арнайы қызмет таратқан видеодан ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері мен милиция қызметкерлерінің қалай ұсталғанын көруге болады.

ІІМ мәліметінше, Қырғызстан ұйымдасқан қылмыстық топтың 1177 мүшесі есепте тұр. 2022 жылғы тамызда Numbeo серб басылымы қылмыс деңгейі бойынша Қырғызстанды 142 мемлекеттің ішінде 36-орынға қойды.

XS
SM
MD
LG