Ссылки доступа

Тәжікстан да өз азаматтарының Қаңтар оқиғасына қатысы жоғын мәлімдеді


Қаңтар кезінде өртенген Алматы қаласы әкімдігінің ғимараты.
Қаңтар кезінде өртенген Алматы қаласы әкімдігінің ғимараты.

Қырғызстанның ізінше Тәжікстан сыртқы істер министрлігі де Қазақстандағы Қаңтар оқиғасына тәжік азаматтарының қатысы жоғын мәлімдеп, Қазақстан бас прокурорының сөзіне реакция білдірді.

Бір күн бұрын Қазақстан бас прокуроры Берік Асылов мәжіліс отырысында "Қаңтар кезіндегі жаппай тәртіпсіздікке қатысты күдікке ілінгендер арасында Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан азаматттарынан бөлек, Тәжікстан азаматтары да бар" деген еді.

"Тәжікстан азаматтарының 2022 жылы Қазақстанда болған жаппай тәртіпсіздікке қатысы жоқ" деп жазылған Тәжікстан СІМ 6 қаңтар күнгі мәлімдемесінде. Оның мәтінін Азаттықтың Тәжік қызметі жариялады.

Тәжікстан СІМ айтуынша, тәжік азаматтарының Қазақстандағы тәртіпсіздікке қатысы бары дәлелденбеген.

"Тәжік тарабына Қазақстан жағынан ресми арналар арқылы өз азаматтарының аталған оқиғаға қатысы туралы мағлұматтар түспегенін хабарлаймыз. Ақпарат құралдарында Қазақстан прокуратурасының ақпараты жарияланғаннан кейін Тәжікстанның Қазақстандағы дипломатиялық және консулдық өкілдіктері елдің тиісті құрылымдарына қайырылып, аталған фактілер дәлелденген жоқ" деп жазылан Тәжікстан СІМ хабарламасында.

Қазақстан бас прокурорының Қаңтар оқиғасы бойынша күдіккке ілінгендер арасында Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Ресей азаматтары бары туралы мәлімдемесіне бір күн бұрын Қырғызстан СІМ де реакция білдіріп, өз азаматтарының тәртіпсіздікке қатысы жоғын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG