Ссылки доступа

Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан "Қамбар ата-1" ГЭС-ін бірлесіп салмақ  


"Қамбар ата-1" ГЭС-ін басқару мақсатында Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан арасында бірлескен компания құрылады. Бұл жөнінде Қырғызстанның энергетика вице-министрі Мирлан Жақыпов мәлімдеді. 

Бұл компания ГЭС-ті құрылысы біткеннен кейін басқаратын болады. Компанияның 34 пайызы Қырғызстанға тиесілі болса, Қазақстан мен Өзбекстанға 33 пайыздан бөлінбек.

"Компания Қырғызстанда тіркеледі және бәрі біздің қолда болады", - деді Жақыпов.

6 қаңтарда Бішкекте Қырғызстан, Қазақстан және Өзбекстан энергетика министрлерінің кездесуі өтіп, "Қамбар ата-1" ГЭС-ін құрудың жол картасын мақұлдасқан.

Қырғыз президенті Садыр Жапаров бұл жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі үшін бюджеттен 412,8 млн сом бөлінгенін, кейін қосымша 1,5 млрд сом бөлу мәселесі шешілгенін айтқан.

ГЭС құрылысы 2024 жылы басталып, бірінші агрегатын 2028 жылы аяқтау жоспарланған.

XS
SM
MD
LG