Ссылки доступа

Тәжікстанда тұтынушыны "шатастыратын" жарнамаға тыйым салынды 


Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон "Жарнама туралы" заңға енгізілген өзгерістер мен түзетулерге қол қойды.

Заңның жаңа редакциясына сәйкес, егер жарнамада "шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер болып, жарнамаланып жатқан тауарлар мен қызметтер бұрмаланып, тұтынушыларды адастыратын жарнама" деп табылса, оған тыйым салынады.

Тәжікстанда компаниялар негізінен тауарларын мемлекеттік және әлеуметтік желілер арқылы жарнамалайды.

Тұрғындардың айтуынша, бүгінгі күні телеканалдарда "шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтермен" ондаған дәрі-дәрмек жарнамаланып жатыр. Бұдан бөлек мобилді операторлар тауарлар мен қызметтерді жарнамалап, абоненттерге СМС арқылы жіберіп жатады.

Үш жыл бұрын сарапшылар зерттеу жүргізіп, Тәжікстандағы компаниялар мен кәсіпорындар жылына 10 миллион доллардан астам қаржыны жарнамаға жұмсайтынын анықтаған. Жарнаманың көбі мемлекеттік БАҚ-та шығады.

Тәжікстанда "Жарнама туралы" заң 2003 жылы қабылданған. Одан бері бірнеше рет өзгерістер енгізілген.

XS
SM
MD
LG