Қайғылы оқиға туралы хабар облыстық милицияға 24 желтоқсанда сағат 23:20-да Ақдария аудандық жедел жәрдем бөлімінен түскен. Үш адамның денесін олардың үйіне барған бір тұрғын тапқан.
Алдын ала мәліметке қарағанда, ер азамат ұрыс барысында әйелінің мойнына екі мәрте қайшы сұққан, сосын кереуетте жатқан баласын қолымен тұншықтырған. Одан соң ол асылып өлген.
25 желтоқсанда аудандық прокуратура "қасақана кісі өлтіру" қылмысы бойынша іс қозғады. Тергеу жүріп жатыр.