Ссылки доступа

Өзбекстанда тағы бір бала "Док-1 Макс" шәрбатынан қайтыс болды


"Док-1 Макс" шәрбатынан қабылдаған соң жағдайы нашарлаған тағы бір бала қайтыс болды. Наманган облысы денсаулық сақтау басқармасы бала өлімі туралы мәлімет әлеуметтік желілерде жарияланғаннан 18 күннен кейін науқастың қайтыс болғанын растады.

7 қаңтарда Kompromatuzb Telegram-арнасы Наманган облысы Ұшқорған ауданында үш жастағы бала қайтыс болғанын жазды. Сол күні облыстық денсаулық сақтау басқармасы науқас 15 желтоқсанда аудандық ауруханаға түскенін хабарлады. 21 желтоқсанда ол Наманған облыстық ауруханасында қайтыс болған.

"Док-1 Макс" препаратының зияны туралы республика бойынша айтыла бастаған уақытта науқастың анасы баласына үйде осы шәрбатты бергенін айтты", — деп хабарлады облыстық басқарма.

1 қаңтарда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Абдулходи Иминов облыста осы препараттан ешкім ауырмады деп хабарлаған.

Өзбекстанда Marion Biotech үнді компаниясының препаратын қабылдаған соң қайтыс болған науқас саны 20-ға жетті. Самарқанд облысында 18 бала осы шәрбатты ішкен соң өлген. Қашқадарияда бір бала қайтыс болған.

Тексеру кезінде үнді компаниясының "Док-1 Макс" пен "Амбронол" препараттары (Өзбекстанға импорттаушы — Quramax Medikal)
дұрыстап тексерілмегені анықталды. Препараттар құрамынан этиленгликоль улы заты табылған.

XS
SM
MD
LG