Ссылки доступа

Тәжікстанда құрбысын ұрып, оны видеоға түсірген жас қыздар ұсталды


Тәжікстанда Исфара қаласының құқық қорғау органдары кәмелет жасқа толмаған екі қыздың үстінен қылмыстық іс қозғады. Олар құрбысын ұрып, одан соң өзенге итеріп жібергенін видеоға түсірген, оны әлеуметтік желіге жариялаған.

Қыздар бұзақылық және қарақшылық жасады деген күдікпен ұсталды. Видео былтыр желтоқсанда әлеуметтік желілерге таралған. Желі қолданушылар оқушы қыздардың қатігездігін жазып, оларда жауапқа тартуды талап еткен.

Исфара милициясы жақында осы оқиға туралы мәлімет таратты. Мәліметке қарағанда, екі қыз олардың тапсырмасын орындамаған құрбысын жазалаған, соның кесірінен бір танысы милицияға түсіп қалды деп айыптаған.

Ұсталған қыздар мен олардың туыстарының пікірін білу мүмкін болмады.

Милиция мәліметінше, ұсталған қыздар еш жерде оқымаған. Олардың бұзақылық әрекетін видеоға түсіргін үшінші қыз да ұсталды. Оған жасөспірімдерді қылмысқа итермеледі, бұзақылық жасады деген айыптар тағылған.

XS
SM
MD
LG