Ссылки доступа

Қырғыз журналисі Санрабия Сатыбалдиеваның ісі сотқа берілді 


Қырғызстанда журналист Санрабия Сатыбалдиева мен оператор Қалыс Аширбаевтың ісі сотқа берілді. Бұл жөнінде олардың адвокаты Замир Жоошев хабарлады. 

"Желтоқсан айының соңында қорғауымдағы азаматтардың ісі сотқа берілді. Журналист Сатыбалдиева мен оператор Аширбаевты қылмыстық топтың мүшесі және ақша бопсалады деп айыптап жатыр. 13 қаңтарда сотта Аширбаевтың бұлтартпас шарасы қаралады. Қазір журналистің кеңсесі тергеу тарапынан құлыпталған. Тергеу ісі аяқталса да, кеңсені ашпай отыр. Бұл заңға қайшы",- деді Жоошев.

ІІМ мәліметінше, былтыр 3 қарашада журналист пен оператор 2 мың доллар алып жатқан жерінен ұсталған. Олар Жогорку Кеңеш депутаттарынан үнемі ақша бопсалап келген делінген тергеу материалында.

Қазір аяғы ауыр Санрабия Сатыбалдиева ешқайда кетпеу жөнінде қолхат беріп, үйінде отыр. Былтыр көктемнен бастап Бішкекте тұрады. Оған дейін Жалалабад қаласында жекеменшік "Чолпон ТВ" телеканалында жұмыс істеген. Ол әлеуметтік желілерде билікті ашық сынап келген.

XS
SM
MD
LG