Ссылки доступа

Тәжік журналисі Абдулло Гурбатидің адвокаты онымен жұмыс істеуден бас тартты 


Тәжік журналисі Абдулло Гурбатиді қорғап келген адвокат Абдурахмон Шарифов бұдан былай оны қорғамайтынын мәлімдеді.

Душанбедегі Шохмансур аудандық соты 4 қазанда 26 жастағы Абдулло Гурбатиді билік өкілдерін балағаттады, милиция қызметкерлеріне күш көрсетті, тыйым салынған ұйыммен әріптестік орнатты деген айыптар бойынша жеті жарым жылға соттаған. Журналист өзіне тағылған айыптардың бірін де мойындамады.

Абдулло Гурбатидың туыстары Озоди радиосына сот шешіміне қарсы шағым жазғанын жеткізді. Бірақ адвокат Абдурахмон Шарифов бұдан былай журналисті қорғай алмайтынын айтқан.

Ол журналисті үкіметтік емес ұйымдардың жобасы бойынша тегін қорғағанын, енді Гурбатидің мүддесін қорғай алмайтынын мәлімдеген.

Былтыр маусым айында журналистер Абдулло Гурбати мен Далер Имомали ұсталған. Олар мемлекеттік қызметті сынап, тәуелсіз ютуб каналға бірнеше рет репортаж жасаған. Далер Имомали 2022 жылдың қазан айында 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған да тыйым салынған ұйыммен қарым-қатынста болды деген айып тағылды.

Екі журналист те өзіне тағылған айыптарды мойындамайды.

Былтыр Тәжікстанда жеті бірдей журналист ұсталып, әртүрлі мерзімге сотталды.

Халықаралық журналистердің құқығын қорғайтын ұйымдар Душанбеден оларды тез арада босатуды бірнеше рет талап еткен.

XS
SM
MD
LG