Ссылки доступа

Өзбекстан мен Қытай арасында әуе қатынасы қалпына келеді 


Үш жыл өткеннен кейін Өзбекстан мен Қытай арасында әуе қатынасы қалпына келіп жатыр. 10 қаңтарда Uzbekistan Airways Ташкенттен Бейжіңге бірінші рейсін ұшырады. 

Қытайға баратын жолаушылар міндетті түрде ПЦР тест тапсыруы тиіс.

Uzbekistan Airways сайтындағы мәліметке қарағанда, билет құны 600 доллардан басталады. Келесі рейс 17 қаңтарда ұшады. Ақпан айынан бастап рейстер саны көбеймек.

Өзбекстан мен Қытай арасында 2020 жылы жарияланған пандемиядан кейін ұшақтар тоқтап қалған.

XS
SM
MD
LG