Ссылки доступа

Стамбұлда теракт ұйымдастырды деген күдікпен өзбек және тәжік азаматтары ұсталды


Түркия полициясы жаңа жыл түні Стамбұлда теракт жоспарлады деген күдікпен Өзбекстан және Тәжікстан азаматтарын ұстады. Бұл туралы Sabah газеті жазды. Полиция екі күдіктіні ИШИМ террористік тобының мүшесі деп есептейді.

Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтары 31 желтоқсанда Жаңа жылға бірнеше сағат қалғанда Стамбулдың Башакшехир ауданындағы арнайы операция барысында ұсталған.

Өзбекстан азаматын еліне депортациялау жұмысы жүріп жатыр. Полиция оны жарылғыш заттар маманы деп атаған.

Түрік арнайы қызметінің мәліметінше, екі күдікті Ауғанстандағы ИШИМ террористік тобынан бұйрық алып, Стамбұлда 2017 жылғыдай теракт жасағысы келген.

Еске салайық, 2017 жылғы 1 қаңтарда өзбекстандық Абдулқадыр Машаріпов Стамбулда "Рейн" түнгі клубында адамдарды атып, сосын өз-өзін жарып жіберген.

Шабуылдан 39 адам опат болды, 70 шақты адам жараланды. 2020 жылғы қыркүйекте түрік соты Машаріповті 40 жылға соттады.

XS
SM
MD
LG