Ссылки доступа

Тәжікстанда ұн арзандап, жұмыртқа қымбаттады


БҰҰ азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының мәліметінше, Тәжікстан базарларында ұн бағасы апта бұрынғы бағамен салыстырғанда үш пайызға түскен.

Ұйым ұнның арзандауын шетелден импорт көбейгенімен байланыстырып отыр.

Қазір тәжік базарларында сапасы жоғары бір қап ұн 280-320 (28-32 доллар) сомони тұрады. Май мен қант бағасы өзгермеді.

Ұйым мәліметі 8 қаңтарда жарияланды. Ол Тәжікстандағы сегіз базардағы бағаны ескере отырып дайындалған.

Мәліметке қарағанда, кейінгі екі аптада жұмыртқаның орташа бағасы өткен аймен салыстырғанда екі пайызға, былтырмен салыстырғанда 33 пайызға қымбаттаған.

XS
SM
MD
LG