Ссылки доступа

Мәскеуде қырғызстандықтарды инфекциялық ауруларға тегін тексеретін болады 


Ресейде жұмыс істеп жүрген қырғыз мигранттары инфекциялық ауруларды анықтайтын анализдерді тегін тапсыратын болады. Бұл жөнінде Ресейдегі Қырғызстан елшілігі хабарлады.

Мекеме мәліметіне қарағанда, мұндай шешім Қырғызстанның сыртқы істер министрлігінің және елшіліктің Ресеймен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде қабылданған.

Келіссөз Мәскеудегі "Көп функционалды миграциялық орталық" мемлекеттік мекемесіндегі қызметке қатысты жүрген.

Барлық медициналық анализдер аталған орталықта жүргізілетін болады. Егер шетел азаматынан жұқпалы ауру анықталса, онда ол арнайы медициналық орындарға жіберіледі. Ол жақта емделу үшін ақы алынбайды.

Былтыр желтоқсан айында Жогорку Кеңеш депутаты Нұржігіт Кадырбеков Ресейде миграциялық заңдарға сәйкес медициналық тексеруден өткен қырғызстандықтардың көбіне "жыныстық жолмен келетін инфекция бар" деген диагноз қойып, оларды қымбат емханадан емделуге мәжбүрлеп жатқанын көтерген.

Ол қырғыз азаматтарының құқықтары бұзылып жатса, тез арада шара қолдануды сұраған.

XS
SM
MD
LG