Ссылки доступа

Қазақстан Ресеймен арадағы теңге және рубльді өзара айырбастау жөніндегі келісімнен шығады 


Қазақстан Ресеймен арадағы рубль және теңге бағамының тұрақтылығын және айырбасын қамтамасыз ету бойынша келісімнен шығуға ниеттеніп жатыр.

Жобаны қоғамдық талқылау 20 қаңтарға дейін жалғасады.

Құжат авторлары атап өткендей, кездесуде қаралған шаралардың көбі осыған дейін жүзеге асырылған. Қалған ұзақ мерзімде атқарылатын шаралар "Кеден одағы, Біріңғай экономикалық кеңістік және Еуразиялық экономикалық одақ" секілді ортадағы халықаралық келісімдерге, екі ел арасындағы заңдарға байланысты.

Bizmedia.kz басылымының мәліметіне қарағанда, 1990 жылдардың басында қол қойылған келісімнің негізгі мақсаты - екі ел валюталарының ортасындағы алмасу бағамын тұрақтандыру, сонымен бірге олардың басқа валюталармен еркін айырбасына мүмкін құру болған. Келіссөзде сонымен бірге Ресейдің Орталық банкі мен Қазақстанның Ұлттық банкі жүргізетін курс саястын іске асыруда рубльдің және теңгенің долларға шаққандағы кросс-бағамын қолдану қаралған.

XS
SM
MD
LG