Ссылки доступа

Бішкек Қытайдан 20 жаңа автобус сатып алды


Бішкек қаласына Қытайдан 20 жаңа автобус жеткізілді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бішкек әкімдігінің мәліметінше, ұзындығы 10,5 метрлік автобустарға газ қозғалтқышы орнатылған. Автобус 75 жолаушы тасуға арналған. Оған 26 орындық және бір мүгедек жолаушы орындығы қойылған.

Әкімшіліктің хабарлауынша, жақында астанаға қалған 100 автобус жеткізіледі. Қала бюджетінен жаңа автобустар сатып алуға 1 миллиард сом бөлінген.

Қазір Қырғызстан астанасы автопаркі меншігінде 476 автобус бар, бірақ солардың 80-нен астамы ғана халыққа қызмет көрсетіп жүр.

XS
SM
MD
LG