Ссылки доступа

Қазақстан паспорты әлем рейтингінде 70-орында тұр


Kazakhstan - Kazakh passport - kazakhstan passort - permanent residence

Қазақстан паспорты әлемнің 227 елі мен аумағы арасында 70-орында тұр.

Henley & Partners әлем елдері паспорттарының рейтингін жариялады. Қазақстан азаматтары әлемнің 76 еліне визасыз кіре алады.

Қазақстан паспорты ТМД елдері арасында орташа көрсеткішке ие. Рейтингте Ресей 49-орын (118 ел), Беларусь — 68-орын (78), Қазақстан — 70-орын (76), Әзербайжан — 76-орын (70), Армения — 79-орын (66), Өзбекстан - 85-орын.

Жапония әлемдегі ең мықты паспортқа ие. Рейтинг көшін бастаған жапон паспорты 193 ұпай алды, яғни жапон азаматтары осынша елге визасыз бара алады.

Рейтинг соңында ауған паспорты тұр. Ауғанстан азаматтары 27 елге визасыз кіре алады. Тізімнің соңғы жағында Ирақ, Сирия, Пәкістан және Йемен орналасқан.

XS
SM
MD
LG