Канада қорғаныс министрі Анита Ананд украин әріптесі Алексей Резниковпен кездесуден соң осылай деп мәлімдеді.
Анандтың айтуынша, бұл жүйе Украина елді мекендері мен мағызды инфрақұрылымдарын дрондардан, зымырандар мен әуе соққыларынан қорғайды. "NASAMS жүйесінің нысананы дәл көздеу көрсеткіші өте жоғары, Украина қорғанысына өте құнды үлес", — деп жазды ол Twitter'гe.
Украина президенті кеңсесінің басшысы Андрей Ермак бұл жаңалықты telegram-арнасына жариялады. "Әуе қорғанысына инвестиция — бұл Еуропа қауіпсіздігіне қосылған үлес. Одақтастарға рақмет", — дейді Андрей Ермак.
2022 жылғы қазанда АҚШ Украинаға NASAMS кешенінің екеуін бергін. Қазір оларды украин армиясы қолданып жүр. АҚШ Украинаға дәл осындай жүйенің сегісіз жеткізуге уәде берген. Жыл аяғында АҚШ Украинаға NASAMS сатып алып беру үшін Raytheon компаниясымен 1,2 миллион доллардың келісім-шартына отырған.
Бұған қоса АҚШ пен оның одақтастары Таяу Шығыстағы елдермен келіссөз жүргізіп, NASAMS жүйесінің бірнешеуін Украинаға беруді сұраған. Raytheon Technologies компаниясының басшысы Грег Хейестің айтуынша, Таяу Шығыстағы жүйелерді Украинаға жеткізу кешенді АҚШ-та жасаудан жылдамырақ болады. NASAMS кешенін дайындау үшін екі жыл қажет.