Ссылки доступа

Қырғызстанда саясаткер Қанат Исаевты үйқамаққа босатты  


Бішкектің Бірінші май аудандық соты экс-депутат Қанат Исаевты үйқамаққа босатты. Бұл жөнінде оның адвокаты Бексұлтан Осмонов хабарлады.

Қанат Исаевтың өзі сот залынан шығып кетіп бара жатқан видеосын Facebook парақшасына жариялады.

Саясаткерді 2017 жылдың қыркүйек айында "Жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырмақ болды", "Билікті күшпен тартып алмақ болды" және "Қылмыстық әрекеттер жасауға дайындалды" деген баптар бойынша қылмыстық іс қозғап, қамауға алған. 2018 жылдың жазында ол үйқамаққа босатылған.

Алайда былтыр 23 қазанда Қанат Исаевты қайтадан тергеу абақтысына жапқан. Бұл "Кемпірабад ісіне" байланысты белсенділер мен саясаткерлерді жаппай тұтқындау сәтімен сәйкес келді.

XS
SM
MD
LG