Ссылки доступа

Қырғызстанға 20 млн сом инвестиция салған шетелдік 10 жылдық виза алады


Қырғызстан парламенті Қырғызстанға 10-20 млн сом құйған шетел азаматтарына 5-10 жылдық инвестициялық виза беруді қарастыратын заң жобасын мақұлдады.

Жогорку Кеңеш 11 қаңтардағы жалпы отырыста "Сыртқы миграция туралы" заңға өзгерістер енгізу жөніндегі заң жобасын үшінші оқылымда қабылдады. Құжат президентке жолданады.

Заң жобасы Қырғызстанда инвесторларға жағдай жасау мақсатын көздейді. Оны Жогорку Кеңештің төрт депутаты ‒ Дастан Бекешев, Эльвира Сұрабалдиева, Жанарбек Ақаев және Сейідбек Атамбаев ұсынған.

"Қазір Қырғызстан экономикасына 10 млн сомнан астам қаражат құйған шетел азаматы үш жылға инвестициялық виза алады. Біз виза мерзімін бес жылға дейін созуды ұсынамыз. Инвестиция 20 млн сомнан асса, виза 10 жылға беріледі", - деп түсіндірді Дастан Бекешев.

Қырғызстан ұлттық статистика жөніндегі комитет мәліметінше, 2022 жылғы тоғыз айда республикаға 958 млн доллар инвестиция түскен. Дегенмен елден 563 млн доллар шығарылған.

XS
SM
MD
LG