Ссылки доступа

HRW: Қырғызстанда сөз бостандығы шектеліп жатыр 


Адам құқықтары мен еркіндіктерін қорғау бойынша берген уәделеріне қарамастан қырғыз билігі соңғы жылы сын айтқандарды және азаматтық қоғамды шектеп келгенін халықаралық Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы 2022 жылдың қорытындысында арналған баяндамасында мәлімдеді.

Онда үкіметтік емес ұйымдр, түрмедегі жағдай, отбасылық зомбылық, азаматтық және саяси құқықтар, қауіпсіздік, ерекше адамдардың құқықтры секілді мәселелермен қатар сөз еркіндігінің жағдайына да баға берілген.

Жылдық баяндамада тәуелсіз журналистерге, блогерлерге және БАҚ-қа қарсы қозғалған қылмыстық істер сөз еркіндігіне қатер төндіріп жатқанының көрсеткіші екені айтылған.

Қоғамда сынға ұшыраған "нақты емес ақпарат" заңының негізінде былтыр маусым айында ResPublica газетінің сайты екі айға, тамызда 24.kg ақпарат агенттігінің, қазанда "Азаттық медиа" радиосының сайты бұғатталды, наурызда Next TV телеканалының кеңсесі жабылып, директоры Таалайбек Дүйшенбиев абақтыда отырып шыққаны, Temirov LIVE зерттеу агенттігінің жетекшісі Болот Темиров елден шығарылғаны айтылды.

Былтыр 26 қазанда Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігі "Азаттық медиа" мекемесінің веб-сайтын екі айға жапқан.

Азат Еуропа/Азаттық радиосының президенті Джейми Флай Азаттық радиосы сенімді, шынайы ақпарат бұлағы екенін және ешбір кедергісіз жұмыс істеуіне рұқсат берілуі тиіс екенін мәлімдеген.

Коммерциялық емес тәуелсіз Азат Еуропа / Азаттық радиосының Қырғыз қызметі Қырғызстанда ресми түрде "Азаттык Медиа" деген атаумен тіркелген. Азаттық Қырғызстан мен әлемдегі қоғамдық өмірді және демократиялық құбылыстарды объективті түрде жариялап, өз материалдарын телеарна, радио, әлеуметтік медиа арқылы таратады.

XS
SM
MD
LG