Мәліметке қарағанда, 1998 жылы туған Шәкір ұлы Курсантбек Бішкекте ұсталды. ІІМ басқа да күдіктілерді ұстау операциясы жүріп жатқанын хабарлады.
Бұның алдында Шу облысында қырғыз-қазақ шекарасынан өтпек болған Ақылбек Райымберді ұлы мен Ераман Қорғонбай ұлы ұсталғаны мәлім болды. Кейін Ош облысында тағы бір күдікті Нұрбек Чубаков ұсталғаны хабарланды.
13 қаңтарға қараған түні Ош орталығында ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері арасында жанжал болып, соның салдарынан бір адам өлген, тағы бір адам аурухананың жансақтау бөліміне түскен. Қылмыс ұйымдастырды деген күдікпен Қадыр Досонов ұсталды. Ол қылмыс әлемінде "Женго" лақап атымен танылған.