Президент баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ташкент қаласының түрлі деңгейдегі мекемелері басшыларының жиналысында астана әкімшілігінің жұмысы сыналды.
Атап айтқанда, заңсыз салынған нысандар 250-ден асып кеткен, ал астана бас жоспары әлі бекітілмеген.
Мәліметке қарағанда, Артықхожаев "қыстың суық болатынын алдын ала ескермей, маусымға дұрыс дайындалмағаны үшін" қызметтен алынған. Астана басшысы міндетін атқарушы болып Ташкент әкімінің бірінші орынбасары Бахтиёр Рахманов тағайындалды, ал қала прокурорының орынбасары Еркін Юлдашев Ташкент қаласы прокуроры атанды.
Бұған қоса, энергетика министрінің орынбасары Шерзод Хожаев пен "Иссиклик электр станциялари" басқарма төрағасы Фарход Әбдірахманов қызметтен алынды. Юнусабад, Мирзо-Ұлықбек, Учтепе аудандарының басшылары әкім қызметін атқарушы болып төмендеді.
Бас прокуратура мен Мемлекеттік қауіпсіздік қызметіне жоғарыда аталған басшылардың қызметін тексеру тапсырылды.
Жахонгир Артықхожаев Ташкент басшысы қызметіен 2018 жылғы сәуірде тағайындалған. Жақында ғана ол ауа райының күрт суытуына байланысты астанада бес күн тегін палау тарату жөнінде бастама көтерген.