Әкімнің айтуынша, аяздан қатып қалған су құбырларының дені ерітілген. Суды тұрғындарға әзірге таси тұруға тура келеді. Омаров жылу беру мәселесі де шешіліп жатқанын айтты.
"№1 қазандыққа су жеткізілді, жылуды кеше, 15 қаңтарда бере бастадық. Бұл қазандық 1234 абонентке қызмет етеді. Бүгін №4 қазандықты іске қосқалы отырмыз. Онда шамамен 300 абонент бар", - дейді қала басшысы.
Бұның алдында Жалал-Абад облысындағы Майлуу-Суу қаласының бірқатар тұрғыны резидент Садыр Жапаров пен ҰҚМК төрағасы Қамчыбек Тәшиевқа арызданған. 15 қаңтарда кешке тараған бейнеүндеуде қала тұрғындары жергілікті билік мемлекеттік телеарналар арқылы жалған ақпарат таратып жатыр деп мәлімдеген.
Майлуу-Суу қаласында төтенше жағдай жарияланған. Ауа райының күрт сууына байланысты қаладағы су құбырлары қатып қалып, соның салдарынан тұрғындар жылусыз, ауызсусыз қалды.
10 қаңтардан бастап Қырғызстанда күн күрт суытты. Республиканың кейбір аудандарында ауа температурасы -38° дейін төмендеді.