Ссылки доступа

Тәжікстанда сұйық газ арзандады (видео)


Тәжікстанда сұйық газ әжептәуір арзандады. Қазір Душанбедегі жанармай құю бекеттерінде мұндай газдың бір литрі 3,8-3,9 сомониға сатылып жатыр. Автокөлік жүргізушілердің айтуынша, жарты жыл бұрын сұйық газ 7,8 - 8 сомони тұрған.

Тәжікстанда көбіне азық-түлік пен жол жүру бағасының көтерілуін жанармайдың, соның ішінде сұйық газдың қымбаттығымен түсіндіреді. Алайда газ арзандаса да базардағы баға өзгермеді, Душанбеден аймақтарға қатынайтын таксишілер де бұрынғы бағаны ұстап тұр.

Ресми мәлімет бойынша, Тәжікстан автокөліктердің кем дегенде 60 пайызы газбен жүреді. Өйткені газ бензин мен дизельден әлдеқайда арзан.

Сжиженный газ в Таджикистане значительно подешевел
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:34 0:00

Статистика жөніндегі агенттіктің хабарлайынша, 2022 жылғы қаңтар-қазан айларында Тәжікстан 155,2 млн долларға шамамен 329 мың тонна сұйық газ импорттаған. Соның 86 пайыздан астамы Қазақстаннан, шамамен 8 пайызы Өзбекстаннан, 5,5 пайызы Ресейдн, 0,3 пайызы Түркіменстаннан сатып алынған.

XS
SM
MD
LG