Ссылки доступа

Өзбекстан Ауғанстанға электр энергиясын беруді уақытша тоқтатты 


Өзбекстан 15 қаңтардан бері техникалық себептермен Ауғанстанға электр энергиясын беруді уақытша тоқтатты. Бұл жөнінде TOLOnews TV Da Afghanistan Breshna Sherkat (DABS) компаниясына сілтеме жасап хабарлады. 

DABS өкілі Сафиулла Ахмадзай өзбек тарабымен қазіргі күнде келіссөз жүріп жатқанын, бірақ әлі нақты жауап алмағанын хабарлаған.

Екі апта бұрын Өзбекстан Ауғанстанға электр энергиясын жеткізу жөніндегі келісімді созған. Бұл келісімге сәйкес, Ташкент қыс мезгілінде көрші елге 450 МВт электр энергиясын жеткізуі тиіс.

Қазір Кабул тұрғындары жарық сөніп қалып жатқанын айтып, шағымданады.

Өзбекстанның өзінде де биыл қыс қатты болып, энергетикалық дағдарыс туындап жатыр.

XS
SM
MD
LG