Ссылки доступа

Тәжікстан тұрғындары жылу мен жарықтың әлсіз берілуіне наразы 


Тәжікстанда биыл қаңтар ерекше салқынмен басталды. Қатты суық осы аптаның соңына дейін жалғасады дейді ауа-райын болжаушылар. 

Гидрометеорология агенттігінің хабарлауынша, Душанбеде 21 қаңтарға дейін ауа-райы 8-9 градус аяз болады.

Ал Соғды облысында түнде 11 градус төмен болса, Таулы Бадахшан өңірінде 22 градусқа дейін аяз болады деп күтіледі. Синоптиктер мұндай аяз соңғы 15 жылда болмағанын айтады.

10 қаңтардан бері Ресей аумағынан келген арктикалық циклон Қазақстан, Түркіменстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Иран, Ауғанстан және жылы белдеудегі елдердің бірқатарын жапқан.

Бұл суық күндері Душанбе тұрғындары жылу жүйесінің өте әлсіз, жарықтың жиі сөніп қалып жатқанын айтып шағымданып жатыр. Кейбір тұрғындар пәтерде судың жоқтығын айтып, әлеуметтік желіге жазып жатыр.

Коммуналдық қызмет өкілдері қатты салқыннан судың тұрбалары қатып қалғанын, қазір тұрғын үйлерге суды тасып жеткізіп жатқанын хабарлады.

XS
SM
MD
LG