Ссылки доступа

Ресей мен Украина шекарасында оқып жатқан өзбек студенттеріне Өзбекстанға ауысуға рұқсат берілді 


Ресейдің Украинамен шекаралас сегіз елді мекенінде оқитын өзбек студенттеріне Өзбекстанның жоғары оқу орындарына ауысуға рұқсат берілді. 

Өзбекстанның білім министрлігінің хабарлауынша, Ресейдің Курск, Брянск, Белгород, Воронеж, Ростов, Краснодар және аннексияланған Қырым мен Севастопольде оқитын өзбек студенттері бұдан былай елдің жоғары оқу орындарына ауысып, білімін жалғастыра алады.

Осының алдында аталған аймақта оқитын өзбек студенттері ел президенті Шавкат Мирзияевтің атына хат жазып, ол жақта жүріп жатқан соғыс әрекеттерінен өміріне қауіп төніп тұрғанын айтып, Өзбекстанның оқу орындарына ауысуға өтініш жасаған.

XS
SM
MD
LG