ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, олардан 12 келі есірткі тәркілеген.
13 қаңтарда Шу облысының Сокулук ауданындағы мешіттердің бірінде 54 және 58 жастағы ер адамдар ұсталған. Олардан есірткі тәркіленген.
Тергеу ісі жалғасып жатыр. Қазір бұл қылмыстық топқа қатысы бар өзге адамдар анықталып жатыр.