Ссылки доступа

Өзбекстанда қысқы демалыс 23 қаңтарға дейін созылды 


Өзбекстанда биыл суықтың қатты болуына байланысты қысқы демалыс 23 қаңтарға дейін созылды. 

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Қарақалпақстан, Ташкент және Ташкент облысы, Әндіжан, Бұхара, Нманган, Сурхандария және Хорезм облыстарында мектептерде үшінші тоқсан келесі аптаның дүйсенбісінде басталады.

Қазір елдің білім министрлігі оқуды күн жылынғанша онлайн жүйеге ауыстыру мәселесін қарап жатыр.

Қысқы демалыстың ұзаққа созылуына бірқатар ата-аналар әлеуметтік желі арқылы қарсылықтарын білдіріп жатыр.

XS
SM
MD
LG