Ссылки доступа

Сингапурде Шавкат Мирзияевтің құрметіне орхидеяның жаңа түрін атады 


Сингапурда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің құрметіне орхидея гүлінің жаңа түрін атады. 

Сейсенбі, 17 қаңтарда Шавкат Мирзияевтің Сингапурге ресми сапары аясында осы елдің президенті Халима Якуб пен премьер-министр Ли Сянь Лунмен кездесуі өтті.

Өзбек-сингапур саммиті Сингапур президентінің "Истана" сарайында болды. Құрметті қонақты мемлекеттік деңгейде күтіп алу және ресми кездесуден кейін, Шавкат Мирзияевтің құрметіне орхидея гүлінің жаңа түрін атау рәсімі өтті. Орхидея гүлі - Сингапурдың ұлттық белгісі. Шавкат Мирзияевтің атымен аталатын гүл Encbi Purple және Kila Blue орхидеясының буданынан пайда болған.

Өзбекстан президентінің сапары бастапқыда 3 күнге жоспарланған. Бірақ еліндегі энергетикалық дағдарысқа байланысты бір күнге созылды.

XS
SM
MD
LG