Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, 11 қаңтарда шамамен түнгі 02:00 шамасында бір қырғыз азаматын күшпен көлікке отырғызып, ұрып-cоғып, ақшасын тартып алған.
Оқиға Мәскеудің Бибирево ауданында болған. Қазір тергеу істері жүріп жатыр.
ІІМ бұл қылмыстық топ өкілдерінің жерлестеріне шабуыл жасаған бірінші жағдай емес екенін, қазір өзге де зардап шеккендер анықталып жатқанын жеткізді.
Ресми мәлімет бойынша, Ресейде бір миллионға жуық қырғыз азаматтары жұмыс істейді.