Ссылки доступа

Душанбеде электр энергиясын жеткізуге байланысты "тікелей желі" құрылды 


Тәжікстан билігі халыққа электр энергиясы уақытында жетіп жатқанын бақылау мақсатында "тікелей желі" құрылғанын мәлімдеді. 

"Электр желілерін тарату" акционерлік қоғамы сенім телефоны халықты дер кезінде электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында құрылды деп хабарлады.

Тұрғындар мына телефон арқылы хабарласа алады: 778886021 және 2-50-33-01.

Мұндай шешім тұтынушылардан жарықтың жиі сөніп қалатынына шағымдар көптеп түсіп жатқаннан кейін қабылданған.

Тәжікстанда өткен аптада күн райының қатты суытып кетуіне байланысты электр энергиясына енгізілген барлық шектеу алынып тасталған.

XS
SM
MD
LG