Ссылки доступа

Қырғызстан Тәжікстанмен шекараны анықтау келіссөзі қайта жалғасқанын мәлімдеді 


Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы шекараны анықтау мәселесі 2023 жылы да жалғасады. Осылай деп қырғыз сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев "Бірінші радиоға" берген сұқбатында айтты.

Оның сөзінше, 2022 жылы екі елдің қарым-қатынасындағы ең ауыр кезең болған.

"Тәжікстанмен өзара қарым-қатынас айтарлықтай күрделі болды: қыркүйектегі агрессия, одан кейін жабық есік жағдайындағы келіссөздер. Қазір жағдай біршама оңалып жатыр. Өзара түсінік бар. Бізге шекара мәселесін түпкілікті аяқтау керек", - деді Кулубаев.

Екі ел арасындағы шекара қашықтығы - 972 шақырым, оның 682 шақырымы анықталған, қалған 290 шақырымы даулы күйінде қалып отыр. Осы даулы аймақта тұратын екі елдің тұрғындары жер, суға таласып, жиі қақтығысып қалады.

14-17 қыркүйекте даулы аймақта қарулы қақтығыс болды.

Былтыр желтоқсан айында қырғыз президенті Садыр Жапаров Баткен облысына барған сапары кезінде 2023 жылдың жазына қарай шекара дауын түпкілікті шешеміз деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG