Ссылки доступа

Өзбекстанда азаматтардан оқуға түсіру үшін 13,5 мың доллар алған алаяқ ұсталды


Бас прокуратура мен Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі бірлесіп жүргізген тексеруі нәтижесінде А.А. мен Ш.А. есімді азаматтардың коммерциялық жоғары оқу орнына түсіру үшін 18 адамнан ақша алғаны анықталды.

Күдіктілер олардан барлығы 152,9 млн сум ($13,5 мың) алып, оны өз қажетіне жаратқан, деп хабарлады прокуратура департаментінің баспасөз қызметі.

Айыпталушы А.А.-ға алаяқтық жасады деген айып тағылып, оған іздеу жарияланды.

Тексеру кезінде Х.М. есімді тағы бір азамат жоғары лауазымға ие таныстарының көмегімен азаматтардан алдау арқылы 15 300 доллар алғаны анықталды. Ол да Тәжікстанда оқитын 21 студентті Өзбекстанға ауыстыруға уәде берген.

Прокуратура аталған қылмыстар бойынша іс қозғады. Тергеу жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG