Ссылки доступа

Душанбеде "намысқа тиетін" бейнероликтер жариялаған блогер ұсталды


Тәжікстан ішкі істер министрлігі Душанбе қаласының басқармасы тағы бір блогер ұсталғанын хабарлады.

Басқарма мәліметінше, 21 жастағы блогер Хабибулло Химматзода "Инстраграм әлеуметтік желісіндегі парағында былапыт сөзге толы, қоғам намысына тиетін бейнероликтер жариялап" келген.

Блогердің және оның туыстарының тағылған айыпқа қатысты пікірін білу мүмкін болмады. Блогердің әлеуметтік желіде не туралы жазғаны, нақты қандай бейнероликтер жариялағаны да белгісіз. Бұл туралы билік ештеңе хабарлаған жоқ. Ресми мәліметке қарағанда, астананың Шохмансұр ауданының соты блогерді бес тәулікке қамаған.

Кейінгі айларда билік "бейпіл сөйлеп, анайы әрекет жасаған" бірнеше блогерді ұстады. Олардың дені 10 тәліктен 15 тәулікке дейін әкімшілік жаза алды.

Блогерлерді ұстау әлеуметтік желілерде қарама-қайшы пікірлер туғызды. Біреулер билік шешімін қолдаса, енді біреулер блогерлерді жақтап, ұларды ұстау адам құқықтарына қайшы деп есептейді.

XS
SM
MD
LG