Заңгердің пікірінше, құпия мөрін басу туралы шешімге ешқандай негіз жоқ, мұндай әрекет істегі азаматтардың ғана емес, адвокаттардың да құқықтарын бұзады. "Тергеу тобының жетекшісі іс құпия сақталатынын жариялады. Әзірге біз қаулымен танысып үлгермедік. Құжатты жақында аламыз. Оның құқықтарымызды бұзатыны анық. Біз істі құпия ұстауға ешқандай негіз жоқ деп ойлаймыз", - дейді Убалиева.
Ішкі істер министрлігі іс материалдарына не себепті құпия белгісі басылғанын түсіндірмеді.
2022 жылғы қазанда Қырғызстанда 30-ға жуық саясаткер мен белсенді "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға оқталды" деген күдікпен ұсталды. Сол оларды екі айға қамады, желтоқсанда тағы екі айға созды. Күдіктілер қылмыстық іс "қолдан құрастырылған" деп есептейді.