"Қайта тіркеуден өтпеген тұтынушыларға қызмет көрсетуді тоқтатуға мәжбүрміз", - делінген хабарламада.
Бір апта бұрын Тәжікстанның ішкі істер министрлігі еліндегі ұялы байланыс тұтынушылары 15 ақпанға дейін 2014 жылы қолданысқа енгізілген жаңа ID-төлқұжат бойынша қайта тіркеуден өтуі тиіс екенін ескерткен.
Ресми мәлімет бойынша, тіркеуден өтпеген әлі 800 мың тұтынушы бар.
Жергілікті тұрғындар сим-карталарды қайта тіркеуден өткізу қосымша шығынды қажет ететінін айтып, наразы болып келген.