Ссылки доступа

Қырғызстан: Mega байланыс операторы мемлекет бақылауында қала береді  


Қырғыз президентінің баспасөз қызметі Ербол Сұлтанбаев мемлекеттік Mega (бұрынғы атауы Megacom) байланыс операторы төңірегіндегі жағдайға түсініктеме берді. 

Сұлтанбаевтың сөзінше, Mega компаниясы мемлекеттік меншікті жекешелендіруге жататын тізімге кірген. Дегенмен, ол бұл байланыс операторын Ұлттық банк немесе Мемлекеттік даму банкі бақылауына алуы мүмкін екенін жеткізді.

"Компания бюджетті толтыратын мемлекеттік мекеменің бақылауында қалады ма, жоқ па, оны министрлер кабинеті шешеді. Әзірге компания ешқандай жеке қолға немесе шетелдік компаниялардың бақылауына өтпейді. Оның үстіне компанияны реттеушіні өзгерту байланыс операторының сапасын жақсартуға септігін тигізеді", - деп жазды Сұлтанбаев Facebook парақшасына.

Осыған дейін мемлекеттік мүліктерді басқару қорының басшысы Мирлан Бакиров "Мега" сатуға қойылған 30 кәсіпорынның тізімінде бар екенін, құны 14-15 млрд сомға бағаланып жатқанын айтқан.

Осыған дейін қырғыз президенті Садыр Жапаров мемлекеттік кәсіпорындарды жекеменшікке өткізу жоспарында бар екенін мәлімдеген.

Қырғыз үкіметі Mega компаниясын бірнеше рет сатуға шығарған. 2010 жылғы революциядан кейін уақытша үкімет бұл компанияның 49% акция пакетін мемлекетке қайтарған. 2014 жылы толықтай мемлекет меншігіне өткен.

XS
SM
MD
LG