Ссылки доступа

Қырғызстан: "Құмтөр Голд Компани" кәсіпорнының бұрынғы атқарушы директоры ұсталды


"Құмтөр Голд Компани" жабық акционерлік қоғамының іздеудегі бұрынғы атқарушы директоры Қанат Құрманов 14 қаңтарда "Манас" әуежайында ұсталды.  

Бұл жөнінде Қырғызстанның бас прокуратурасы хабарлады.

Құрманов қазір тергеу абақтысына қамалған.

2022 жылдың қыркүйек айында бас прокуратура "Құмтөр Голд Компани" кәсіпорнын тексеруден кейін үш бірдей қылмыстық іс қозғаған. Тергеу мәліметі бойынша, компания басшылығы мемлекетке 1 млрд сом шығын әкелген. Бұл іс бойынша Теңіз Бөлтірік, Айша-Гюль Фронтбек қызы және қаржы бойынша директоры Рыспек Тоқтағұлов ұсталған.

Бұдан бөлек компанияның атқарушы директоры Қанат Құрмановқа да қылмыстық іс қозғалып, іздеу жарияланған.

БАҚ-тағы мәлімет бойынша, Қанат Құрманов Қазақстан азаматы. Ол сол кезде аталған компанияға мемлекеттік басқару енгізілгеннен кейін атқарушы директор қызметіне арнайы шақырылғанын мәлімдеген.

2022 жылдың ақпан айында "Құмтөр Голд Компани" "Ұлы көшпенділер мұрасы" ұлттық холдингіне басқаруға берілген.

XS
SM
MD
LG