Шенеуніктің айтуынша, мұндай өтемақы науқастың осы препараттан қайтыс болғанын айғақтайтын құжаты бар ата-аналарға ғана төленеді.
"Қазір зардап шеккен балалардың әрқайсын тексеру жүріп жатыр", - дейді Баситханова. Оның айтуынша, балалардың өліміне "Док-1 Макс" препараты себеп болды дегенді әзірге ата-аналар ғана айтып жүр.
Бұның алдында Өзбекстанда "Док-1 Макс" препаратынан 20 бала қайтыс болғаны хабарланған. Іс материалдары бойынша, Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі Тергеу басқармасы "Quramax Medikal" компаниясы мен "Дәрі-дәрмек стандарттау ғылыми орталығының" жауапты тұлғаларының үстінен қылмыстық іс қозғалған.
Биыл 11 қаңтарда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Marion Biotech үнді компаниясы өндірген "Док-1 Макс" пен "Амбронол" шәрбаттарынан ішпеуге кеңес берген.
Үндістан "өлім шәрбаты" деп аталып кеткен препараттан этиленгликоль улы заты табылған соң Marion Biotech компаниясына дәрі шығаруға тыйым салды, ал Уттар-Прадеш штатының үкіметі компания лицензиясын уақытша тоқтатты.