Экс-министр былтыр мамыр айында ұсталған. Ол кезде Ұлттық музейдің директоры қызметін атқарған. Антикоррупция қызметі оған "Алтын адамның әлем музейлеріне көші" халықаралық көрмесіне бөлінген 146 млн теңгені жымқырды деген айып тағып отыр.
Мекеме мәліметінше, жалпы келісім сомасы 1,2 млрд теңге болған.
Арыстанбек Мұхамедиұлы 2014 жылдың тамыз айынан 2019 жылдың маусым айына дейін мәдениет және спорт министрі қызметін атқарған.