Ссылки доступа

Нарында милиция қызметкері асылған күйі табылған 


Қырғызстанның Нарын қаласында милиция қызметкері асылған күйі табылған. Бұл жөнінде Нарын ішкі істер басқармасы хабарлады. 

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, милиция қызметкерінің денесі үйінен табылған. Денесінен зорлық-зомбылық белгісі анықталмаған. Марқұмның туыстары оның денесін сот-медициналық сараптамаға беруге қарсы болған.

Марқұмның артында әйелі, үш баласы қалды.

XS
SM
MD
LG