Ссылки доступа

Түркіменстан Өзбекстанға газ экспортын қалпына келтірді 


21 қаңтардан бастап Өзбекстан Түркіменстан газын қайта ала бастады. Бірақ газ көлемі бұрынғы келісімнен гөрі әлдеқайда аз. Бұл жөнінде "Өзтрансгаз" компаниясына сілтеме жасап, Gazeta.uz интернет басылымы хабарлады. 

Түркіменстан 12 қаңтардан бері Өзбекстанға газ беруді уақытша тоқтатқан. Оның себебін Түркіменстан "Галкыныш" кеніндегі техникалық ақаулармен байланыстырған.

Қазіргі күні Түркіменстан газ беруді күніне 4,8 млн текше метрмен бастады. Алдағы уақытта тәулігіне 16 млн текше метрге дейін ұлғайтпақ.

Былтыр Өзбекстан бірінші рет Түркіменстанмен үшінші тараптың қатысуынсыз газ тасымалдау жөнінде келісімге келген.

Былтыр "Түркіменгаз" компаниясы соңғы 11 айда Өзбекстанға 1,03 млрд долларға газ тасымалдағанын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG