Ссылки доступа

Тәжікстанда жемқорлық күдігімен Рашт ауданы шенеуніктері ұсталды 


Рашт ауданы төрағасы Рахимжон Набизода (Мукими)
Рашт ауданы төрағасы Рахимжон Набизода (Мукими)

Тәжікстанның қаржы бақылау бойынша агенттігі жемқорлық күдігімен Рашт ауданы төрағасын және жергілікті әкімдіктің аппарат басшысын ұстады. Бұл туралы Озоди радиосы дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады. 

Ақпаратқа қарағанда, Рашт ауданы төрағасы Рахимжон Набизода мен әкімдіктің аппарат басшысы Холмухаммад Ортиков жер телімін заңсыз берді және пара алды деген күдікке ілінген.

"Шенеуніктер 22 қаңтарда жұмыс бөлмесінде пара алып жатқанда куәгерлер көзінше ұсталды. Олар кәсіпкерлерге құрылыс үшін аудан орталығынан заңсыз жер беріп, осы үшін 10 мың доллар көлемінде пара алып жатқан", - деген сенімді дереккөз.

Тәжікстанның қаржы бақылау бойынша агенттігі шенеуніктердің ұсталғаны жөніндегі мәліметке пікір білдірмеді.

Озоди радиосының тағы бір дереккөзі Рахимжон Набизода босатылғанын, себебі ол парламенттің жоғарғы палатасының депутаты ретінде қол тимеушілік мәртебесіне ие екенін білдірді.

Әкімдіктің аппарат басшысы Холмухаммад Ортиковқа "Алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу істері басталғаны хабарланды.

XS
SM
MD
LG